Тікелей эфир

Батыс Қазақстанда киіктер саны 80 мың басқа дейін азайтылады

Серікқали Брекешов киіктердің ауыл шаруашылығына кедергі келтіріп отырғанын айтты.

Батыс Қазақстан облысындағы Орал популяциясының саны реттеледі. Мұнда шамамен 80 мың бас киік туралы сөз болып отыр, деп мәлімдеді экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов.

Ведомство басшысы, алдымен, ғылыми зерттеу жүргізу үшін 500 бас киік алынатынын айтты. Зерттеу жұмысы қазан айында басталмақ. 

"Ғалымдар киіктер санын реттеу мәселесін көтеріп жатыр. Бұл Орал популяциясына қатысты. Қазір мұндағы киіктер саны 800 мың бас болса, онда олардың 10 пайызын реттеу қажет болады. Бұл дегеніміз – 80 мың бас киік", – деді Серікқали Брекешов.

Сондай-ақ, ол киік санын не үшін реттеу қажет екенін түсіндірді. 


Оқи отырыңыз: Экология министрлігі: Киіктердің республика бойынша оңтайлы саны 560-770 мың болуы керек


"Ауыл шаруашылығында малмен бәсеке болмас үшін киік санын реттеп отыру маңызды. Батыс Қазақстан облысында жайылымдық жерлерден бөлек егінге де түсіп жатыр. Бұл да өз кезегінде біржақты мәселе", – деді министр. 

Серіктестер жаңалықтары