Тікелей эфир

Батыс Қазақстан облысында жастарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды

"Жайық жастары" бағдарламасының бюджеті – 600 миллион теңге.

Батыс Қазақстан облысында "Жайық жастары" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. 

Кім қатыса алады? Медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қалалық және республикалық мәдени ұйымдардың бейінді қызметкерлері, спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар, коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, ЖАО қызметкерлері.

Талаптары қандай? 

  • Қатысушылардың жасы: 21-35 жас аралығы. 
  • Бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелерінің Орал қаласында тұрақты тіркеуі болуы тиіс.

Шарттары қандай?

  • Кредит бойынша мөлшерлеме: жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%). 
  • Қарыздың ең жоғары сомасы: 15 млн теңге. 
  • Бастапқы жарна: кемінде 10%. 
  • Қарыз 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Оқи отырыңыз: Жыл соңына дейін қалай пәтер алуға болады? Ең тиімді ипотекалар тізімі


Бағдарлама аясында тұрғын үйді алғашқы және екінші нарықтардан сатып алуға болады. Сондай-ақ, нысанда "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігі болған жағдайда, пайдалануға берілген немесе салынып жатқан үйден пәтер сатып алуға болады.

Өтінім қашан және қайда қабылданады? Өтінімдерді қабылдауды және әлеуетті қатысушыларды іріктеуді БҚО Қоғамдық даму басқармасы келесі мекенжай бойынша жүргізеді: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 188 (БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ғимараты). Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 18 қаңтарында сағат 10.00-де басталады.

Серіктестер жаңалықтары