Тікелей эфир

Бас прокуратура: Қарағанды облысында балалардың жаппай улануына байланысты тергеу басталды

Істі зерттеу үшін ведомство аралық жедел тергеу тобы құрылды.

ҚР бас прокуратура Қарағанды облысында балалардың тамақтан жаппай улану фактісіне байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді. 

"Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ ҚР ҚК-нің 304-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

"Іс Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорларының бақылауына алынды", – делінген баспасөз хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Қызылордада миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған мектеп құрылысы 4 айдан бері тоқтап тұр


Мұнымен қатар істі зерттеуге құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылып, ведомство аралық жедел тергеу тобының құрылғаны хабарланды. 

"Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу шеңберінде жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады", – делінген хабарламада. 

Еске салсақ 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында екі бала өзін нашар сезінген. Олар құсып, іші өткен. 31 шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылды. Артынша бір баланың көз жұмғаны және 6 баланың жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары