Тікелей эфир

Бас прокуратура: Мұхтар Әблязовты елге қайтару жұмысы тоқтамайды

Қазақстанда қудалау органдары Әблязовқа қатысты екі қылмыстық іс қозғаған.

Франция соты Мұхтар Әблязовқа саяси баспана беруден бас тартты. Осы орайда журналистер Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтен Қазақстан экс-банкирді елге қайтара ма және Франция мен Қазақстан арасында сотталғандарды экстрадициялау туралы шарт жасалған ба деп сұрады. 

"Әблязовқа қатысты Қазақстанда қудалау органдары екі қылмыстық іс қозғаған: біреуі – БТА банктың қаражатын жымқыру фактісі бойынша, екіншісі – Тәтішевтің кісі өліміне қатысты. Екі қылмыстық іс бойынша да айыптау үкімдерінің күшіне енгеннен кейін тиісті экстрадиция, яғни Францияның өкілетті органдарына біздің сұраныс хаттары жолданған. Олардың қаралу сатысынің мерзімі әртүрлі. Бүгінгі таңда Францияның өкілетті органдары оның мәртебесінің күшін жойды. Осы мәселе және басқа да біздің қолданып отырған шаралар септігін тигізеді деп ойлаймын. Сұраныс хаттар біздің аса бақылауымызда және олардың орындалуына бар күшімізді саламыз", – деді бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.


Оқи отырыңыз: Бас прокуратураның ресми өкілі: Әблязовтың көксегені – жеке басының мүддесі, мансабы


Айтуынша, Қазақстан Мұхтар Әблязовты экстрадициялау, яғни елге қайтару жұмысын жүргізіп жатыр.

"Бұл жұмыс тоқтамайды. Бүгінгі болып жатқан жаңалықтың өзі де осы жалпы Қазақстан ғана емес, әлемдегі құқық қорғау органдарының нәтижесі. Біз бар күшімізді саламыз", – деді Жандос Өмірәлиев.

Серіктестер жаңалықтары