Дене жарақатынан жәбірленушілердің бірі көз жұмған.
Қаңтар оқиғасы кезінде "Дикий Арман" лақап атымен танымал азаматтың сыбайластары қылмыскерлерге Glock және "Макаров" маркалы тапаншалар таратқан. Қазір осы қылмысты ұйымдастырушы ретінде 27 адам анықталды, деп мәлімдеді бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев.
"Прокуратура органдары 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қадағалап отыр. Бүгінгі күні ел бойынша әр өңірде осы қылмыстың ұйымдастырушысы ретінде 27 адам анықталды. Олардың қатарында Алматы әуежайына шабуыл жасап, "Көктөбе" телемұнарасын басып алуға әрекет жасаған тұлғалар бар. Қылмыстық ортада кеңінен танымал "Дикий Арман" лақап аты бар Арман Жұмагелдиев пен оның сыбайластарының рөлі ерекше", – деді Серік Шалабаев.
Прокуратура мәліметінше, 6 қаңтарда Жұмагелдиевтің қылмыстық тобына қатысушылардың бірі Алматы қаласындағы "Қазақстан" қонақ үйіне келген қылмыскерлерге Glock және "Макаров" маркалы тапаншаларды таратқан. Осы уақытта қаруланған қылмыскерлер ұйымдастырушы мен оның қарамағындағы адамдардан тиісті нұсқаулар алған.
- Қаңтар оқиғасында қаза тапқан азаматтың мәйіті сот-медициналық сараптама үшін қайта қазылмақ
- Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған шымкенттік азаматтың туыстары марқұмның зиратын күзетіп жүр
"Олар сыбайластарын 10 адамнан тұратын топтарға бөліп, жоспарланған қылмыстарындағы рөлдерін анықтады. Іштерінен "басшылары" тағайындалып, бронежилет, бастарына арналған қорғаныс құралы, атыс қаруы және 200 мың теңге ақша қаражаты берілді. Мұнымен қатар, сыбайластарына суық қару, дубинка және денеге зиян келтіретін басқа да заттармен қарулануды тапсырған", – деді прокуратура өкілі.
Серік Шалабаевтың мәліметінше, бұл азаматтар ерекше белгі ретінде барлық қатысушы сырт киімінің жеңіне ақ мата таққан. Аталған қарулы қылмыскерлер топтары қаланың әртүрлі нүктесінен 24 азаматты ұрлап, оларды ұрып-соғып, Ritz Carlton және "Қазақстан" қонақ үйлерінің паркингінде ұстаған. Кейін жәбірленушілер қала шетіне жеткізіліп, қылмыскерлердің қарулы күзеті қойыла отырып, металл контейнерге орналастырылды.
"Дене жарақатынан жәбірленушілердің бірі көз жұмды. Көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін 40 күдікті тұлға қамауға алынды. Қалған қылмыстық топ қатысушыларын анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда", – деп қосты Серік Шалабаев.
Оқи отырыңыз: Талғат Теменов: Қаңтар оқиғасы тарихта "Ақтабан шұбырындыдан" кейінгі үлкен қасірет болды
Арнайы прокурорлар күш құрылымдарының жекелеген басшыларына қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-