Барсакелмес қорығында Борщов қызғалдағы гүлдеді, деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Қызғалдақ сәуір-мамыр айларында гүлдеп, мамыр-маусым айларында жеміс береді. Жемісі – үш ұялы көп тұқымды қауашақ.
Борщов қызғалдағы ресейлік ботаник Илья Григорьевич Борщовтың есімімен аталады. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда қызғалдақтың 18 түрін ғана жұлғандарға жаза бар. Бірақ, оны неге мүлде жұлуға болмайды?
Айта кетейік, әлемде қызғалдақтың 3000-ға жуық түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі өседі, оның 18-і Қызыл кітапқа енген.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07