Барахолкадағы жаңа "Ялян" базарынан өрт шықты. Әзірге қызыл жалынның неден тұтанғаны белгісіз.
"Алматы қаласында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жетісу ауданында орналасқан жаңа "Ялян" базарында жұмыс істеп жатыр. Базарда 2 контейнер өртеніп, жоғары температура салдарынан үшеуіне зақым келген. Басқа контейнерлерді қорғау үшін өрт оқпандары мен газ түтінінен қорғау қызметі жұмыс істеп тұр. Қызыл жалын әрі қарай тарамауы үшін көрші тұрған контейнерлер ашылады", – деп хабарлады Алматының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жедел шаралар арқасында өрт 21 минут ішінде сөндірілді.
Еске салсақ, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жаңа жылдық отшашу болмайтыны туралы хабарлаған едік. Алайда Тәуелсіздік күніне орай екі қалада да отшашу болған еді.