Тікелей эфир

Банктердің берген несиесі рекордтық 20 трлн теңгеден асты

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 18 245,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 2,7 пайызға ұлғайып, 2022 жылғы маусымның соңында 20 050,8 млрд теңгені құрады (жылдық мәнде өсу 27,5% болды). Заңды тұлғаларды кредиттеу бір айда 8 080,9 млрд теңгеге дейін 2,4 пайызға, жеке тұлғаларды кредиттеу 11 969,9 млрд теңгеге дейін 2,9 пайызға өсті, деп хабарлайды naryk.kz сайты. 

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 18 245,9 млрд теңгеге дейін 1,9 пайызға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,1 пайызға төмендеді, жеке тұлғаларға берілген кредиттер  -2,9 пайызға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 804,9 млрд теңгеге дейін 11,8 пайызға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 11,9 пайызға өсті, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 5,1 пайызға төмендеді. 2022 жылғы маусымның соңында теңгелік кредиттердің үлес салмағы 91,0% (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) болды.


Оқи отырыңыз: "Үш адамға кредит әперіп, үшеуін де өзім төледім". Қазақтар неге жақындарына несие алып беруге бейім?


Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 599,8 млрд теңгеге дейін 2,8 пайызға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 3 451,0 млрд теңгеге дейін 2,1 пайызға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2022 жылғы маусымда 4 168,1 млрд теңгеге дейін 4,5 пайызға өсті (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 51,6%-ы).

2022 жылы маусымда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,8% (2021 жылғы маусымда –  11,6%), жеке тұлғаларға – 17,2% (16,6%) болды.


Оқи отырыңыз: "Той мен құмар ойынға несие берілмеуі керек". Алайда экономист бұған заңдық негіз жоғын айтады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары