Психологтың айтуынша, балаға тікелей жауапты да, ең жақын адамдар да – әкесі мен шешесі.
Баланы ата-ананың бауырына беру дұрыс емес, дейді отбасы психологы Ержан Мырзабаев. Бұл туралы маман Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.
"Маған келетін клиенттердің 99 пайызы – кезінде ата-әжесінің қолында өскен адамдар. Туғаннан бастап, алты жасына дейін, 3-12 жас аралығында деген сияқты ата-әжесімен тұрып, кейін ата-анасы мен бауырларының арасына келген. Сол бойы ата-анасы мен бауырларына сіңісіп кете алмаған", – дейді Ержан Мырзабаев.
Оқи отырыңыз:
Маман мұны ата-ана мен баланың арасындағы эмоционалды қарым-қатынас құрудың маңызымен түсіндірді.
"Бала кішкентай кезінен ата-анасымен эмоционалды жақын қарым-қатынас құра алмайтын болса, өскенде ешкіммен байланыс құра алмайды: әйелімен, күйеуімен, баласымен, жұмысымен. Әрдайым өзін қоғамнан шеттетілген ретінде сезінеді. Сол үшін бұл өте қауіпті құбылыс. Балаға тікелей жауапты адам – әке-шеше, ең жақын адам да – әке-шеше. Ата-әже, нағашы, көке, бауыр, туысқан, көрші – әке-шешенің тәрбие процесіндегі көмекші құралдар. Кейде бала бір нәрсені көріп, үйренуі үшін ғана ата-әжесінің, туысқандардың жанына уақытша жіберуге болады. Бірақ мұның бәрі ата-ананың қадағалауында, бақылауында және жоспарлы болуы тиіс", – дейді Ержан Мырзабаев.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның бала тәрбиесі бойынша соңғы орында тұрғаны рас па? Аймағамбетов түсіндірді
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
385
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
339
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
320
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
338
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
308
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
297
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
276
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
311
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
313
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
303
-
0
-
0
-