USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

"Балалар тербетіп ойнаған". Өскеменде аспалы көпір құлап, 8 адам зардап шекті

Фото: Өскемен әкімдігі
Фото: Өскемен әкімдігі
Оқиға кезінде көпір үстінде 8 адам, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған жасөспірім болған.

Өскемен қаласында аспалы жаяу жүргіншілер көпірлерінің бірі құлап, 8 адам зардап шекті. Оқиға 7 мамыр күні кешкі сағат 20:30 шамасында Карбышев көшесінде болған, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Өскемен қаласының әкімдігі мәліметінше, оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем бригадалары жеткен.

"Зардап шеккендер дәрігерлердің тексеруінен өтті. Ауыр жарақаттар тіркелмеген, тек жеңіл сырылу мен көгеру фактілері анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқыс жағдайға балалардың көпірді тербетіп ойнауы себеп болуы мүмкін. Әкімдік хабарлауынша, кәмелетке толмағандар конструкцияны шайқағандарын мойындаған, соның салдарынан көпір төсеміне зақым келген", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта көпір келушілер үшін уақытша жабылды.

Сондай-ақ биыл облыс әкімінің тапсырмасымен "Самал" саябағын қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Жоба аясында аспалы көпірдің конструкциясын күшейту және толық жаңарту жұмыстары қарастырылған. Қауіпсіздік мақсатында жөндеу аяқталғанға дейін нысан аумағына кіруге шектеу қойылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз