Тікелей эфир

Балалар қауіпсіздігіне салғырт қараған 24 мекеме басшысы 5,4 млн теңге айыппұл төлейді

Қалғандарына кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілген.

ҚР Ішкі істер министрлігі балалардың қауіпсіздігіне салғырт қараған 24 мекеме басшысы жауапқа тартылғанын хабарлады. Оларға 5,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Жұмыс барысында 5 620 мекеменің қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталуы тексеріліп, 2 900 объектіде заңбұзушылық анықталды. Олардың қатарында, бейнебақылау жүйелерінің стандарттарға сәйкес келмеуі, дабыл түймелерінің жоқтығы, турникеттер мен лицензияланған күзеттің болмауы сынды кемшіліктер бар.  

Барлығы 24 басшы жауапқа тартылып, оларға 5,4 млн теңге айыппұл салынды.

"27 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп "Назар аудар – балалар!" атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді. Шараның мақсаты – балаларды жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету, қауіпсіздік шараларын түсіндіру. Алғашқы 3 күнде мектептердің жанындағы бағдаршамдар мен жол белгілерінің жұмысы бақылауға алынады. Сонымен қатар балаларды мектепте тасымалдайтын автобустардың лицензиялары тексеріледі", – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев. 


Оқи отырыңыз: Биыл 18 мектеп пайдалануға беріліп, үш ауысымда оқытатын 4 мектептің мәселесі толық шешіледі


Сондай-ақ ішкі істер органдарының басшылары, алдағы уақытта, мектептерде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша дәріс өткізетіндерін айтты.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары