Әкімдіктерге кемшіліктер мен ескертулерді жоюға 1 қыркүйекке дейін уақыт берілді.
"Балаға лайық" акциясының аралық қорытындысы шығарылды. Бір айда БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетіне 110 нысандағы сәйкессіздіктер туралы мыңнан астам хабарлама түсті. Шағымдардың басым бөлігі мектептердегі санитарлық-гигиеналық жағдайға, нақтырақ айтқанда, гигиеналық құралдардың, жуынатын бөлмелерде қалқалардың болмауы, дәретхана кабиналарындағы есіктердің дұрыс жұмыс істемеуі және басқаларға қатысты, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
Ауладағы мектеп дәретханалары туралы 3 хабарлама түскен.
"Мектептер мен оларды қаржыландыру әкімдіктердің құзыретінде болғандықтан, білім ордаларының санитарлық-тұрмыстық жағдайы мен асханаларының жай-күйіне қатысты барлық шағым әкімдіктерге жіберілді. Оларға акция кезінде анықталған кемшіліктер мен ескертулерді жоюға уақыт берілді. Олар 1 қыркүйекке дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жіберілген қателіктермен жұмыс істеуі керек. Әкімдіктер кемшіліктерді жойғаннан кейін Instagram желісіндегі @balaga.laiyq парақшасында мектеп әжетханалары мен асханаларының "дейінгі және кейінгі" фотолары мен видеолары жарияланады", – деді ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.
Оқи отырыңыз: Білім министрі: Емтиханға ешқашан шпаргалка әзірлеген емеспін
Одан бөлек, оқушылар мен ата-аналар талапқа сай келетін жуынатын бөлмелер мен асханалардың фото және видеоларын жолдағанын айта кету керек. Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғауға қатысты да өтініштер түсті. Комитет барлық қажетті жұмысты жүргізді.
Акцияның екінші кезеңі жаңа оқу жылында басталады.
"Мониторинг жазалау үшін емес, мектептерді балаларға қажетті жағдай жасауға тарту үшін жүргізіліп отыр. Бұл ретте мектеп асханаларында проблемалы жуынатын бөлмелер мен заң бұзушылықтар туралы хабарлағандардың анонимдігіне кепілдік беріледі және олар туралы ақпараттар жария етілмейді", – делінген министрлік хабарламасында.
Бұған дейін министрлік бірқатар облыстың әкімдіктеріне ауладағы дәретханаларды жою және мектептерді балаларды қорғау үшін дабыл түймелерімен, бейнекамералармен және басқа да қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізбеген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы хат жолдаған болатын.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📚 "Шұғылалы ертегілер": Астанада заманауи ертегілер кітабының тұсаукесері өтті
-
301
-
0
-
0
-
-
2💵 Атырау облысының білім беру саласында жемқорлық тәуекелі жоғары
-
307
-
0
-
0
-
-
3🚱 Астанадағы су мәселесі: Алматы ауданы әкімдігі хабарлама таратты
-
258
-
0
-
0
-
-
4🕋💵 Елордалық зейнеткер қажылыққа жинаған 16 млн теңгесін алаяққа беріп қойды
-
267
-
0
-
2
-
-
5🏛🚫 «Қайрат Сатыбалдыұлы түрмеде отырып, қонақүй сатып алды»: Антикор ақпаратқа жауап берді
-
260
-
0
-
0
-
-
6🥔 Елімізде 200 мың тоннаға дейін көкөніс сақтайтын қоймалар салынады
-
274
-
0
-
0
-
-
7🛣 "Асфальтті қолмен жайған". Қызылордада 76 млн теңгеге салынып жатқан жол сапасына тұрғындардың көңілі толмайды
-
287
-
0
-
4
-
-
8🧱"Қақпадан шыққанда қабірге тап боламыз". Алматы облысында тұрғындар мазарлардың үйге тым жақын орналасқанына наразы
-
283
-
0
-
0
-
-
9🛋 Елде жиһаз бен тұрмыстық заттар 25% қымбаттады
-
282
-
0
-
1
-
-
10😱 10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
-
260
-
0
-
2
-