Елорда соты Бақытжан Байжановтың Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың қысым көрсетуі туралы мәлімдемесіне қатысты тергеу қорытындысын жариялады.
Судья Айжан Құлбаева қазылар алқасына Байжановтың бұған дейін Бишімбаевтың қысым көрсетіп жатқанын айтқанын еске салды.
"Сот сотталушы Байжановтың уәждерін тексеру туралы ұйғарым шығарды, өйткені сот қылмыстық қудалау органы емес: ол айыптаушы тарапта да, қорғаушы тарапта да емес. Сот ұйғарымымен Астана қаласының прокуратурасынан жауап келді. Жауапкер Байжановтың уәждері расталмаған. Бұл алқабилерге мәліметі үшін", – деді Айжан Құлбаева.
Оқи отырыңыз: "Мастықпен айтылған сандырақ деп ойладым". Көріпкел Бишімбаевқа неліктен Нүкенова оянатыны туралы жазғанын түсіндірді