Елордалық сотта Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні сотталушы Қуандық Бишімбаев кеңес алу үшін жүгінген көріпкелден жауап алынды.
Сотталушының айтуынша, Гүлнар есімді көріпкел әйел судья Айжан Құлбаеваға арыз жолдаған.
"Ол БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз жабық отырыста жауап алуды сұрайды. Ол арызында қысым көріп жатқанын және әртүрлі нөмірлерден қоқан-лоққы жасалып жатқанын жазды. Ол өз өмірі үшін алаңдайды", – деді прокурор Айжан Аймағанова.
Алайда бұған дейін барлық куәгерлер ашық сот отырысында сұралғандықтан, жәбірленуші тарап пен қорғаушы тарап бұған қарсы болды. Судья прокурордың өтінішін қанағаттандырмады, бірақ куәгердің суретін бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға және жариялауға тыйым салды.
Көріпкел Қуандық Бишімбаевты анасы арқылы бір жарым-екі жылдан бері танитынын айтты. Бишімбаев әйелге екі айда бір рет телефон соғып, іскерлік кеңес алған. Гүлнәр таромен жұмыс істейтінін түсіндірді.
Оның айтуынша, 2023 жылдың 9 қарашасында оған Бишімбаев қоңырау шалған.
"Мен бос болмадым, бірақ қоңырауға жауап бердім. Ол Салтанат екеуінің ішіп алғанын айтып, қатты төбелесіп қалғанын айтты. Бұл түскен кейін,шамамен сағат 15.00-16.00-де болған әңгіме. Мен оның ішіп алғанын түсіндім. Мен оған "Енді ше? Маған неге хабарласып тұрсың?" дедім. Оның мас екенін түсінген соң оған дәрігерге хабарласып, жедел жәрдем шақыру керектігін айттым", – дейді Гүлнәр.
Әңгіме барысында Бишімбаев Нүкенованың ұйқыдан оянбай, қорылдап жатқанын айтты. Көріпкел атап өткендей, бұрын Бишімбаев өз ойын тез жеткізетін, бірақ сол күні сөйлеу мәнері басқаша болған, әр сөзін таңдап айтқан.
Оқи отырыңыз: "Раушан гүлі аңқисың": Нүкенова қайтыс болған күні BAU мейрамханасына келген әйел куәлік берді
"Мен оны мас деп ойладым. Жазғанын да салмақты қабылдамадым. Ол маған «Бәрі жақсы деп айтыңызшы» деді. Бір кезде "Қайдағы жедел жәрдем, ол есін жияды!" деді. Ол мас болды және сондай күйде бірнеше рет қоңырау шалды. Мен жауап бермедім. Оған қайта-қайта "Жедел жәрдем шақырыңыз" дедім", – деді көріпкел.
Әйел Бишімбаев одан отбасылық мәселелер бойынша кеңес алмағанын, ондай мәселе бойынша ол психологтардың қызметіне жүгінгенін айтты.