Монополияға қарсы орган "Яндекс.Такси" тарифтерінің күрт көтерілуін тоқтатуға ықпал ете алды, бірақ баға белгілеуге қатысты сұрақтар әлі де бар. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров мәлімдеді.
Баспасөз мәслихатында ол ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі компанияға қатысты тергеуді аяқтап, міндеттемелерді көрсететін процессуалдық келісімге келгенін еске салды.
"Бағаға қатысты мәселе әлі бар. Егер тариф кенеттен қалыпты жағдайдан 10 есе асып кеткен фактілер болса, біз мұның бәрін қайта қарауға дайынбыз. Шағымдар келіп түсуде, бірақ көп емес. Сұрақтар болса, талдау жасаймыз", – деді Марат Омаров.
Оның айтуынша, компанияға қатысты тексеріс жүргізілгенге дейін тарифтердің шарықтау уақытында күрт көтерілуі ешқандай жолмен бақыланбаған. Алайда жағдай өзгертілді.
"Бүгінгі күні бұл баға х3 деңгейінде максималды болады (тарифтің үш есе жоғарылауы. - Автор), яғни одан жоғары көтерілмейді. Иә, бұл жүктеме кезеңінде жоғары, бірақ бұрынғыдай емес. Яғни, белгілі бір бағыттарда баға х10, х11-ге жетті, яғни біз бұл бөлікті реттей алдық", – деді Марат Омаров.
Оқи отырыңыз: Таксидегі харассмент: Одан өзіңді қалай қорғауға болады
Ол атап өткендей, "Яндекс.Такси" ыңғайлы қызмет, бірақ оларға қойылатын сұрақтар әрқашан бағаға қатысты.