Тікелей эфир

АХҚО жалған лицензиясы бар криптовалюта айырбастау қызметін ұсынатын компания туралы ескертті

"Astana Exchange" деп атайтын және криптовалюта айырбастау қызметтерін ұсынатын компания қаржы орталығында тіркелмеген.

Бұл компания қаржылық қызметтерді көрсету үшін жалған лицензияны пайдаланады. Бұл туралы "Астана" халықаралық қаржы орталығы хабарлады.

Жүргізілген талдау нәтижесінде AFSA аталған ұйымның АХҚО-да тіркелмегенін және қаржылық қызметтер көрсетуге жарамды лицензиясы жоқ екенін анықтады. Осылайша, оның қызметі АХҚО актілерінің нормаларына қайшы келеді.

"AFSA осы алаяқтыққа қатысты кез келген хабарламаға жауап бермеуге және еш жағдайда осы компаниямен іскерлік қарым-қатынасқа түспеуге, сондай-ақ осы алаяқтыққа байланысты кез келген тарапқа ақша жібермеуге немесе аудармауға кеңес береді", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қазақстан криптовалюта өндірісінен әлемде екінші орында. Майнингті дамыту керек пе, тыйым салған жөн бе?


«Астана» халықаралық қаржы орталығы қандай да бір хат-хабардың шынайылығына күмәніңіз болса немесе алаяқтыққа қатысы бар адам сізбен байланысты деп күдіктенсеңіз, AFSA-ға тікелей хабарласуға кеңес береді.

Серіктестер жаңалықтары