Тікелей эфир

Автонесие бағдарламасына бастапқы жарна енгізу қаншалықты заңды? Заңгер жауабы

Азаматтар 15 пайызын төлесе, келесі кезекте тұрған азаматтарға көлік алу мүмкіншілігі молаяды

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына енгізілген өзгерістердің тиімділігі туралы заңгер Айыпхан Мұхамадиев 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасында айтып берді. 

Оның айтуынша, жоба ақша үнемдеу саясатынан туындап отыр. Азаматтар 15 пайыз төлейтін болса, мемлекетке де қосымша ақша пайда болады.

"Бұл әзірше халықтың талқылауына жоба ретінде ұсынылды. Алғашқы 10-15 пайыз жарна төлеу Үкіметтің ақша үнемдеу саясатынан болып отыр. Азаматтар 15 пайызын төлейтін болса, онда келесі кезекте тұрған азаматтарға көлік алу мүмкіншілігі молаяды. Өйткені, келесі көлік алушыларға ақша тез жиналады әрі мемлекетке қосымша ақша пайда болады. Сондықтан, тиімді жоба деп айтар едім. Дегенмен, бұл бағдарлама кез келген уақытта тоқтап, жойылуы да мүмкін. Мұны мемлекет шешеді" – деді заңгер.

"Кез келген несие барлық жағынан сақтандырылады. Бұл бағдарламада да сақтандыру шарты бар. Егер азамат төлей алмаса, осы көлік кепілдік болып саналады. Мемлекет оның көлігін заңды түрде өзіне қайтарып алуға құқығы бар", – деді Айыпхан Мұхамадиев.

Серіктестер жаңалықтары