Тікелей эфир

Австралияда 50-ден астам қара дельфин қырылып қалды

Әлі де 50-ге жуық дельфиннің өміріне қауіп төніп тұр.

Батыс Австралиядағы бұрынғы Сheynes Beach кит аулау станциясына жақын маңда ондаған дөңгелек басты кит немесе қара дельфин соқпа толқынмен қайраңға шығып, қырылып қалған. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Еuronews-ке сілтеме жасап жазды.

Жергілікті саябақтар мен жабайы табиғатты қорғау департаменті 52 сүтқоректінің өлгені туралы есеп берді. Табиғатты қорғау қызметкерлері еріктілермен бірлесе отырып, таяз суда қырылуы мүмкін қалған 45 жануарды жартасты мүйістен қашыққа, терең суға қайтармақ.

Теңіз жануарларын құтқару операциясы кеме көп жүретін аймақта, қолайсыз күн райы жағдайында өтіп жатыр. Құтқарушылар жұмысын суда акулалардың болуы да қиындатады.

Айта кетейік, жыл сайын 300-ге жуық теңіз жануары жағаға шығып қалады. Ғалымдар бұл жағдайдың себептерін әзірге білмей жатыр.


Оқи отырыңыз: Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енді. Бұл оны жойылып кетуден құтқара ма?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары