USD: 469.5 / 471.9
  • EUR: 537.0 / 542.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +37C
Все города

"Ауылда бос жер қалмады". Жамбылдықтар ауыл әкімі жерді саудаға салды деп шу шығарды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Байзақ ауданында жер телімдерін бөлуге қатысты тексеріс басталды.

Жамбыл облысының Байзақ ауданында Үлгілі ауылы тұрғындары ауыл әкімдігі жер телімдерін заңсыз үлестірді деген күдікпен наразылық білдірді. Халықтың айтуынша, елдімекенде бос жер тапшы, ал кезекте тұрғандар 20 жылдан бері үй салатын жер ала алмай жүр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Тұрғындар соңғы күндері әкімдік ғимаратының алдында жиналып, жер бөлу жүйесінің ашық еместігін алға тартқан. Олардың сөзінше, кейбір жер телімдері ақшасы бар азаматтарға беріліп, тіпті ауыл шаруашылығы мақсатындағы учаскелердің де бағыты өзгертіліп сатылған.

Ауыл тұрғыны Роза Макенованың айтуынша, жер бағасы бірнеше жыл ішінде бірнеше есе өсіп кеткен, ал кезекте тұрғандарға жер берілмей отыр.

Ал жергілікті тұрғын Айдархан Байболатов әлеуметтік нысандарға арналған жерлердің жетіспеуіне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, ауылда спорт кешені, медициналық пункт және демалыс аймақтары салуға жер қалмаған.

Жағдайға қатысты Байзақ ауданының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, жер заңнамасының бұзылғанын анықтағанын хабарлады. Прокуратура мәліметінше, ауылдық округ әкімдігінің әрекеттерінде заңға қайшы жайттар тіркелген.

Тұрғындардың айтуынша, ауыл әкімі қызметінен кеткенімен, жер мәселесі әлі де толық шешілмеген күйде қалып отыр. Олар заңсыз берілген жерлерді мемлекетке қайтаруды және толық тексеріс жүргізуді талап етуде.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау