Ербол Қарашөкеев әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын түсіндірді.
Көктемге қарай елде ет бағасы өсуі мүмкін. Бұл қазір жем-шөп бағасының артуымен байланысты. Десе де, ет бағасы көп өспейді деген болжамымыз бар, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
"Қазақстанның ауыл шаруашылығы кешені елді етпен – 100%, сиыр еті – 97%, қой еті – 100%, жылқы етімен – 97,5% қамтамасыз етті. Яғни, ішкі сұранысты өзіміздің өніммен толық қамтып отырмыз. Сондықтан бізде импортпен шетелден әкелінетін ет көлемі көп емес. Ал бағасына тоқталатын болсақ, биыл жем-шөп бағасының өскенін білесіздер. Сол себепті ет бағасының өсуі ықтимал. Өйткені, ет өндіріп жатқан қожалықтар мен шаруа қожалықтары шығындарының барлығын өтеуі керек. Бірақ аса жоғары өсім болмайтын шығар", – деді Ербол Қарашөкеев.
Мұнымен қатар, министр әлеуметтік нан бағасының күрт өсуіне жол бермейтінін мәлімдеді. Айтуынша, бұл үшін қажетті барлық құрал мен өткен жылдан қалған 1 млн тоннаға жуық қор бар. Жыл сайын бұл қор нан бағасын тұрақтандыру үшін ғана емес, мал шаруашылығы кешеніне қолдау білдіру үшін де қолданылады.
"Биыл азық-түлік келісімшарт корпорациясы форвардтық сатып алу шарттары бойынша 680 мың тонна бидай сатып аламыз деп жоспарлап отырмыз. Сол көлемнің 60%-ға жуығын сатып алып, қоймаларымызға әкеліп алдық. 1-2 ай ішінде қажетті көлемді толықтай сатып алып, жемді де жинап шығамыз. Мемлекеттік қорда былтырдан қалған 400 мың тоннадай жем бар. Соны қосқанда біздегі қор ұнмен және ұннан жасалатын басқа да тауарлармен қамтамасыз етуге толықтай жеткілікті. Ал бағасына келетін болсақ, Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі бар. Сол тауарлар тізімінен нанды алсақ, бірінші сорттағы ұннан жасалатын, салмағы 552 грамм болатын бөлкенің бағасы көтеріліп кетпеуі үшін талай жұмыс жасап жатырмыз. Тұрақтандыру қоры өз кезегінде қажет көлемде ұнды жинап, сатып алып жатыр. Сондай-ақ, келісімшарт корпорациясымен мемлекеттік қорға жиналатын бидайды арзандату мүмкіншілігін қарастырып жатырмыз. Ол үшін заңнама негіздемесіне өзгеріс енгіземіз", – деп түсіндірді Ербол Қарашөкеев.
Мұнымен қатар, ол осы жиналған қордан ірі компаниялар мен нан пісіретін кәсіпорындарға ұн жіберілетінін айтты. Айтуынша, осылайша әлеуметтік нан бағасы тұрақты ретте қалыптасады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды
-
366
-
0
-
6
-
-
2🚨Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Газиантеп қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті
-
359
-
0
-
6
-
-
3🚦Астана, Алматы мен Шымкентте жол ережесін бұзудың 86%-ы стационар камера арқылы анықталған
-
330
-
0
-
1
-
-
4Қазақстаннан тағы 60 құтқарушы Түркияға көмекке барады
-
313
-
0
-
2
-
-
5Алматы облысында 8 автокөлік соқтысып, жол апатынан бір адам қайтыс болды
-
308
-
0
-
0
-
-
6Ақмола облысында 1,3 млрд теңге бюджет қаржысын жымқыру бойынша күдіктілерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
-
308
-
0
-
2
-
-
7Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны қалай есептеуге болады?
-
303
-
0
-
2
-
-
8Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?
-
304
-
0
-
2
-
-
9Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
-
288
-
0
-
2
-
-
10Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады
-
314
-
0
-
3
-