Дегенмен, кейбір ережелер ұқсас. Осылайша, классикалық әуе тасымалдаушылары жолаушыларға жүктің бір бөлігін тегін тасымалдауға кепілдік береді. Жүктің саны мен салмағы сатып алынған билеттің бағасына тікелей байланысты. AirAstana әуе компаниясында дәл солай. Бір жолжүктің рұқсат етілген параметрлері: үш өлшемнің қосындысы – 158 см (ұзындығы + ені + биіктігі); салмағы бойынша – эконом-класста 23 кг және бизнес-класта 32 кг. Барлық әуе тасымалдаушы қосымша ақыға қосымша немесе артық жүкті тасымалдауға мүмкіндік береді.
Әр әуекомпаниясының стандартты емес жолжүкті тасымалдауға қатысты өз ережесі бар. Сондықтан тасымалдаушының ресми сайтындағы талаптармен алдын ала танысу маңызды. Егер жолаушының стандартты емес, габаритті, "жанды жүгі" (мысықтар немесе иттер), сондай-ақ ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген жүгі болса (мысалы, құрал-жабдықтар, аспаптар, химиялық заттар және т.б.), әуекомпанияны ұшақтың ұшуына 24 сағаттан астам уақыт бұрын хабардар ету керектігін ескеріңіз. Тасымалдауға рұқсат алу үшін арнайы қызмет департаментіне хабарласу керек.
Үй жануарлары
Air Astana ұлттық тасымалдаушысы жолаушыларға жануарларды ұшақ салонында, сонымен қатар тіркелген жүк ретінде де, яғни жүк қоятын бөлікте тасымалдауға мүмкіндік береді. Бортқа үй жануарларын қабылдау әуе тасымалдаушымен алдын ала келісімді, "төрт аяқты досты" тасымалдаудың белгіленген ережелерін сақтау үшін арнайы тарифтер бойынша қосымша төлемді талап етеді. Үй жануарларын бортқа оның арнайы тасымалдау контейнері болған жағдайда ғана алуға болады, бұл ретте жүктің жалпы салмағы жануармен бірге 8 килограмнан аспауы керек. Бұл жерде рейске бір жолаушы бір ғана жүк контейнерін алуға құқылы екенін ескерген жөн.
Музыкалық аспаптар
Қол жүгі ретінде домбыра немесе скрипка сияқты габаритті емес аспаптарды тасымалдауға болады. Тасымалдаушы қажет болған жағдайда музыкалық аспапты жүк қоятын бөлікке ауыстыруға құқылы. Сондықтан, сіз мықты футлярдың болғанын алдын ала ескерту керексіз. Музыкалық аспаптың салмағы тегін жүктің нормасынан аспауы тиіс немесе сіз жаныңыздан орын сатып алып, аспапты кабинада алып жүре аласыз.
Спорттық құрал-жабдықтар
Спорттық құрал-жабдықтарға келетін болсақ, жолаушы хоккей, теннис, сквош, бадминтон және кейбір қысқы спорт түрлеріне қатысты құрал-жабдықтарды әуекомпаниямен келісімсіз-ақ және тегін тасымалдауға құқылы. Рұқсат етілген спорттық жабдықтардың саны шектеулі. Егер тегін жүктің салмағы нормадан асып кетсе, онда, мысалы, AirAstana әуекомпаниясында MyBAGGAGE қызметін пайдалануға болады.
Багаж таппасақ қайда бару керек?
Жүк жоғалған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін және әуежайда багажды қабылдау бекетінің жанында орналасқан Lost&Found қызметіне хабарласыңыз. Онда әуекомпания қызметкерлері іздеу жұмыстарын бастау үшін сізден қажетті құжаттарды толтыруыңызды сұрайды. Жолаушы туралы деректер WorldTracer халықаралық жүкті іздеу жүйесіне енгізіледі, іздеу соның көмегімен жүргізіледі. Егер жүк үш апта ішінде табылмаса, жолаушы әуекомпаниядан өтемақы алуға құқылы.
Тасымалдау кезінде багажға зақым келген жағдайда да жолаушыға өтемақы төленеді. Авиакомпаниялардың сайттарында "Жоғалту немесе жүктің зақымдануы" сияқты арнайы бөлімдер бар, онда форманы толтырып, багаж биркасының сканерленген көшірмелерін, келу туралы акт (Lost&Found-та толтырылған) және жолаушының жеке куәлігі жүктелуі керек. Сол сайтта өтініміңіздің статусын бақылай аласыз.
Қол жүгі туралы айтатын болсақ, ең алдымен қол жүгінің өлшемі 56х45х25см, салмағы 8 келіден аспауы керек. 2023 жылдың 13 тамызынан бастап бір жолаушыға бөлек қорғалған екіден артық батареяны алып жүруге рұқсат етіледі. Литий-иондық батареялардың қуат тығыздығы сағатына 100 ваттан аспауы керек. Сонымен қатар, электронды темекі шегуге арналған құрылғылар, литий немесе литий-иондық жасушалары бар портативті электрондық құрылғылар және қосалқы батареялар багаж ретінде қабылданбайды. Өзіңізбен бірге тосап немесе бал сияқты заттар мен сұйықтықтарды зауыттық қаптамасыз, техникалық төлқұжатсыз және сертификатсыз өзіңізбен алуға болмайды. Толығырақ тізімді мына жерден табуға болады.
Сіз тұратын кез келген өңірде аумақтық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері бар. Олардың байланыс телефондары осы сілтемеде бар.
Сондай-ақ, телеграм ботқа жаза аласыз. Ол жерде сізге ақпараттық көмек көрсетіледі.