Тікелей эфир

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 13 учаскесі жабылды

Республикалық тас жолдарды тазарту үшін 500-ден астам техника шығарылды.

Қазақстанның Абай, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарында қар жауып, боран соғып, көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының кейбір учаскелері жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған учаскелер:

  • Омбы – Майқапшағай, 910-1002 км, Қалбатаудан Көкпектіге дейін;
  • Алматы – Ташкент – Термез, 159-238 км, Кененнен Қайнарға дейін (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады);
  • Меркі – Бурылбайтал, 161-273 км, Бірліктен Бурылбайталға дейін (барлық көлік түрлері үшін);
  • Алматы – Ташкент – Термез, 534-593 км, Айша бибіден Түркістан облысының шекарасына дейін (жүк көліктері үшін);
  • Үшарал – Достық, 84-184 км, Көктума және Достық стансалары аралығы (барлық көлік түрлері үшін);
  • Жезқазған – Петропавл, 252-335 км, Арқалық қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін (көліктің барлық түрлері үшін);
  • Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – Ресей Федерациясының шекарасы, 213-280 км, Кішкенекөлден мемлекеттік шекараға дейін;
  • Булаево – Возвышенка – Мологвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинское, 62-228 км, Возвышенкадан Рощинскоеға дейін;
  • Рощинское – Корнеевка – Волошинка, 0-87 км, Рощинскоеден Волошинкаға дейін;
  • Волошинка – Сергеевка – Тимирязево, 0-119 км, Волошинкадан Тимирязевого дейін;
  • Тимирязевадан Қостанай облысының шекарасына дейін (көліктің барлық түрлері үшін);
  • Алматы – Ташкент – Термез, 593-654 км, Түркістан облысының шекарасынан Жібек жолы кентіне дейін (Машат асуы) (жүк көліктері үшін);
  • Жезқазған – Петропавл, 137-252 км, Ұлытаудан Қостанай облысының шекарасына дейін (көліктің барлық түрлері үшін).

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тас жолдың төрт бөлігі жабылды


 

Серіктестер жаңалықтары