Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты үш облыстағы республикалық маңызы бар тас жолдардың төрт учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК» АҚ хабарлады.
Келесі жол бөліктерінде шектеулер енгізілді:
- Жетісу облысында 1 жол учаскесі
"Ұшарал – Достық" 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км.;
Автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілді. - Ақмола облысында 1 жол учаскесі
"Екатеринбург – Алматы" 1292-1353 км. Жібек жолы ақы алу пунктінен – Қарағанды облысының шекарасына дейін-61 км.;
Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді. - Қарағанды облысында 2 жол учаскесі
"Екатеринбург – Алматы".1353-1426 км, Ақмола облысы шекарасынан – Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км.
Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды
Қазіргі уақытта Республикалық маңызы бар автожолдарда 703 техника жұмылдырылды.