USD: 483.5 / 486.5
  • EUR: 562.5 / 567.5
  • RUB: 6.35 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Атыраудағы төрт адамды өлтіру ісі: сотта мүрделерді қазу бейнежазбалары көрсетілді

Фото: "Ақ Жайық"
Фото: "Ақ Жайық"
Сотта жаңа куәгерлерден жауап алынды.

Атырау облысында төрт адамды өлтіру ісі бойынша айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 4 маусымдағы отырыста куәлардан жауап алынып, іс материалдары зерттелді, деп хабарлайды "Ақ Жайық". 

Сот отырысында Қарабалиндер отбасының малын баққан тұрғын куә ретінде жауап берді.

Куәнің айтуынша, 2025 жылғы қарашасында Мақсот Қарабалиннің мал кезегі келген. Ол сол уақыттан бастап қой бағып, еңбекақысын Kaspi қосымшасы арқылы алып отырғанын жеткізді.

"Малын күнделікті бағып отырдым. Қой, ешкі, баспақ… Кешке ақшамды аударып беріп жүрді. Кейін наурыз айында да төлем жасалды. Жалпы екі айдай жұмыс істедім", – деді куә.

Куә сондай-ақ Наурыз Мұқанғалиев есімді адамның атынан WhatsApp арқылы хабарламалар келіп отырғанын айтып, кей жағдайларда оны күмән тудырмағанын жеткізді.

Сот барысында тағы бірқатар куәгерлер марқұм отбасының малын бағып келгендерін, олардың хабарсыз кеткеннен кейін де WhatsApp арқылы нұсқаулар келіп тұрғанын мәлімдеді.

Куәлардың айтуынша, малды бағу үшін ақы әртүрлі көлемде төленіп отырған, кей жағдайда төлем кешіктірілген.

Сотта іс материалдары да зерттеліп, марқұм Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиевтың үйінің ауласынан табылған мүрделерді қазып алу сәті бейнеленген видео көрсетілді. Судья этикалық және психологиялық себептерге байланысты толық бейнематериалды жариялауға шектеу қойды.

Видео көрсетілімі кезінде марқұмдардың туыстары көз жасына ерік берді. Ал айыпталушы Сәрсемәлиев сот залында сабырлы күйде отырды.

Сот процесі жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз