USD: 492.5 / 495.5
  • EUR: 572.0 / 577.0
  • RUB: 6.59 / 6.71
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты сараптама қорытындысы жарияланды

Видео скрині
Видео скрині
"Қылмыс туралы хабарламау" бабы бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Атыраудағы төрт адамның өліміне қатысты резонансты іс аясында Ақбаян Мұқанғалиева Алматыда стационарлық кешенді психологиялық-психиатриялық сараптамадан өтті. Атырау облысының прокуратурасы сараптама қорытындысы мен оның қазіргі процессуалдық мәртебесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ақ Жайық". 

Прокуратура мәліметінше, Алматыда жүргізілген стационарлық кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптамасы Ақбаян Мұқанғалиеваға динамикалық бақылау мен қосымша дифференциалды диагностика қажет деген қорытынды шығарған.

"Алматы қаласындағы стационарлық кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, Ақбаян Мұқанғалиева динамикалық бақылау мен дифференциалды диагностикадан өтуі қажет", – деп хабарлады қадағалау органы.

Прокуратура оның процессуалдық мәртебесіне де тоқталды. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 27 сәуірде оған қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Сонымен бірге тергеу толық аяқталған жоқ. Негізгі қылмыстық істен Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша бөлек іс өндірісі бөлініп шығарылған.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, Мұқанғалиеваның әрекетіне қатысты түпкілікті құқықтық баға әлі берілмеген және оған қатысты қандай да бір бұлтартпау шарасы қолданылмаған.

"Қылмыстық қудалау органы істі дұрыс шешу үшін қажет және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық әрі объективті зерттеу мақсатында барлық қажет шараны қабылдап жатыр. Тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", – деп мәлімдеді ведомство.

Еске салайық, Атырау облысындағы Жаңгелді ауылында төрт адамның қаза болуына байланысты іс бойынша Сұлтан Сәрсемәлиев сот алдында жауап беріп жатыр. Іс Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр.

Сот отырыстары барысында Ақбаян Мұқанғалиеваның есімі бірнеше рет аталып, оның қылмысқа дейінгі және одан кейінгі оқиғалардағы рөлі куәгерлердің жауаптарында сөз болған.

Бұған дейін Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Индонезия аумағында ұсталғаны хабарланған. Кейін Мұқанғалиева психологиялық-психиатриялық сараптамадан өту үшін Алматыдағы сот сараптамасы институтына жіберілген болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз