USD: 478.7 / 483.7
  • EUR: 561.5 / 567.5
  • RUB: 6.51 / 6.65
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

"Қорғанамын деп өлтірдім". Атыраудағы атышулы іс бойынша жаңа мәліметтер шықты

Фото: ПД
Фото: ПД
Сотталушы кінәсін ішінара мойындады.

Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев сотта өзіне тағылған айыптардың басым бөлігін мойындады, деп хабарлайды "Ақ жайық" ақпараттық порталы.

Іс Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта қаралып жатыр. Процесті судья Зарема Хамидуллина жүргізіп жатыр.

Сот барысында Сәрсемалиев Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыппен келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, бұл әрекет қорғану кезінде болған. Алайда қалған эпизодтар бойынша кінәсін мойындады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, сотталушы жұбайының әкесі Максот Қарабалинге 9 рет, анасы Нәсіп Өтешқалиеваға 8 рет, бауыры Наурыз Мұқанғалиевке 10 рет, ал әпкесі Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет пышақ жарақатын салған. Сонымен қатар ол ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз иемдену баптары бойынша да кінәсін мойындады. Айыпталушы бұл әрекеттерге қылмысын жасыру үшін барғанын айтқан.

Сәрсемәлиевке жалпы 13 бап бойынша айып тағылған. Оның тек біреуін ғана мойындамай отыр.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға Атырау облысы Жангелді ауылында болған. Бір отбасының төрт мүшесі қаза болып, күдік күйеу балаға түскен еді. Айыпталушының айтуынша, қанды қылмысқа отбасындағы ұзаққа созылған жанжал себеп болған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз