USD: 468.7 / 472.7
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.75 / 5.87
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Атыраудағы бір отбасының өлімі: Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Осы іс бойынша айыпталған Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Атырау облысында бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады "Ақ Жайық".

Сотталушыға төрт адамды өлтіруден бөлек, ұрлық, алаяқтық, мал ұрлығы, құжаттарды заңсыз иемдену және жасыру баптары бойынша да айып тағылған. Мемлекеттік айыптаушы соттан оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Сот Сұлтан Сәрсемалиевті барлық айыптар бойынша кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Еске салайық, 2025 жылғы 25 желтоқсанда полицияға төрт адамнан тұратын отбасының – 66 және 64 жастағы ерлі-зайыптының, сондай-ақ олардың ұлы мен қызының жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Кейінірек Атырау қаласының маңынан жоғалған ағалы-қарындастың мәйіттері табылды. Тергеу мәліметінше, Индонезиядан экстрадицияланған Сұлтан Сәрсемалиев оларды өлтіргенін мойындаған. Ал бұрынғы қайын атасы мен қайын енесінің денелері шаруашылық құрылысынан, ал бұрынғы жұбайының ағасы мен қарындасының мәйіттері айыпталушы бұрын жалға алып тұрған үйдің маңынан табылған.

2026 жылғы 28 мамырда сотталушы ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз иемдену айыптары бойынша кінәсін мойындады. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол қылмыстың ізін жасыру мақсатында марқұмдардың малын сатып, олардың банк карталарындағы ақшаны иемденген.

Сонымен қатар, осы іс бойынша айыпталған Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау