USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Сұлтан Сәрсемалиевтің сотын Яна Легкодимованың ісін қараған судья жүргізеді

Судья Зарема Хамидуллина. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Судья Зарема Хамидуллина. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Сұлтан Сәрсемалиев адам өлтіру, ұрлық және алаяқтық жасау баптары бойынша айыпталып отыр.

Атырау облысында бір отбасының төрт адамын өлтірді деген айып тағылған Сұлтан Сәрсемалиевтің ісін судья Зарема Хамидуллина жүргізетіні сот кабинетіндегі ақпараттан белгілі болды. Ол Яна Легкодимованы қастандықпен өлтірген Алтынбек Қатымов пен Ризуан Қайыржановтың ісін жүргізіп, оларды өмір бойына бас бостандығынан айырғаннан кейін танымал болды. 

Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты қылмыстық іс судьяның қарауына 8 мамырда берілген. Айыпталушының қылмыстық іс материалдарымен танысқаны белгілі. Ол Қылмыстық кодекстің 99-бап, 2-бөлім, 1-тармағы бойынша "екі және одан көп адамды өлтіргені үшін", сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 188 және 190 баптары бойынша ұрлық пен алаяқтық жасағаны үшін айыпталып отыр. 

Бұған дейін психологиялық-психиатриялық сараптама оның ақыл-есі дұрыс екенін растады. Сәйкесінше, ол жауапкершілікке заң аясында толықтай тартылады. Ал тағылған ауыр айыптар бойынша ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз