USD: 486.5 / 489.5
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Атыраудағы газ-химия кешенінің жұмысы уақытша тоқтады

Кешен жөнделетіндіктен, оның жұмысы 25 шілдеге дейін тоқтатылды.

Атырау қаласындағы Kazakhstan Petrochemical Industries интеграцияланған газ-химия кешенінің жұмысы жөндеу үшін 25 шілдеге дейін тоқтатылды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Кешеннің жұмысы кепілді эксплуатациялық сынақтарды жүргізу үшін және 100% жұмыс режиміне көшу үшін тоқтатылған.

Кешен теңіз кен орнынан алынған шикізатты қайта өңдейді, жылына 500 мың тонна полипропилен шығарады. Бұл – әлемдегі полипропилен өндірісінің 1 пайызы.

"Интеграцияланған кешен ішкі нарықтағы полипропилен өніміне сұранысты қамтамасыз етеді және құрылыс, медицина, автомобиль жасау, тамақ өнеркәсібі үшін полипропиленнен бұйымдар шығаратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысын жандандыруға ықпал етеді. Кешенге америкалық Lummus Technology Inc компаниясының Catofin және Novolen технологиялары орнатылған. Мұнжай кешендер  Сауд Арабиясы, АҚШ, Бельгия, Оңтүстік Корея және Қытай елдерінде ғана бар", – делінген хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз