Атырауда бір әулеттің жоғалуы: тағы екі адамның денесі үй ауласында көмілген жерінен табылды

Фото: ІІМ
Фото: ІІМ
Индонезияда ұсталған күдікті адам өлтіргенін мойындады.

Атырау маңындағы Геолог ықшамауданында бұрын жоғалып кеткен Жангелдин ауылы тұрғындары – Наурыз бен Мирамгүлдің денелері табылды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, мәйіттер осыған дейін күдікті Сұлтан Сәрсемалиев әйелімен бірге жалдап тұрған үйдің ауласынан табылған.

Тергеу дерегінше, кеше Сұлтан Сәрсемалиев пен оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева Алматы қаласына жеткізілген. Тергеу барысында күдікті Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың денелерін Геолог ықшамауданындағы бұрын өзі жалдап тұрған үйдің ауласына көміп тастағанын айтқан.

Осы мәліметтен кейін Атыраудағы тергеушілер көрсетілген мекенжайда қайта қазу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жоғалып кеткен екі адамның денесін тапты.

Еске салайық, Жангелдин ауылы тұрғындарын іздеу жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айынан бері жүргізіліп келген. Іздеу шараларына полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылып, арнайы штаб құрылған. Үйдің аумағы мен маңайы арнайы техникамен, соның ішінде георадарлардың көмегімен тексерілгенімен, алғашқы іздеу жұмыстары нәтиже бермеген.

Бұған дейін Жангелдин ауылындағы сарайдан да екі адамның мәйіті табылған болатын. Ал күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева Индонезияда ұсталған еді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз