Елді дүр сілкіндірген Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өліміне қатысты күдікті Индонезия аумағында қолға түсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, министрлік қызметкерлері шетелдік әріптестермен бірлесіп жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адам Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталған. Онымен бірге бұрынғы әйелі де анықталған.
Бүгін Қазақстанның ішкі істер министрлігі күдікті мен әйелінің қалай ұсталғанын көрсетті.
Еске салайық, былтыр жыл соңында Атырау облысы Жангелдин ауылында тұратын ерлі-зайыптылардың жоғалғаны туралы ақпарат тараған еді. 25 желтоқсанда туыстары полицияға арызданғаннан кейін іздестіру жұмыстары басталды. Кейінірек үй ауласындағы шаруашылық нысанынан ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды.
Марқұмдардың үш баласы бар – 35 және 30 жастағы қыздары мен 32 жастағы ұлы. Олар 25 желтоқсанда ресми түрде із-түзсіз жоғалғандар қатарына енгізілген болатын. Қазіргі уақытта күдіктілерді елге экстрадициялау және тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07