Атырауда "Атырау жастары" ипотекасы іске қосылады

Қазір жастарға арналған тұрғын үй бағдарламалары Алматы, Астана қалаларында және Қарағанды, Жамбыл және Қостанай облыстарында бар. 

Атырау облысында "Атырау жастары" жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарламасынан белгілі болды. 

2022 жылғы мамырда сол кездегі премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 2025 жылға дейін республиканың барлық өңірінде жастарға арналған тұрғын үй бағдарламалары іске қосылатынын хабарлаған болатын. Қазіргі таңда мұндай бағдарламалар Алматы ("Алматы жастары"), Астана ("Елорда жастары") қалаларында және Қарағанды ("Қарағанды жастары"), Жамбыл ("Әулиеата жастары") және Қостанай ("Қостанай жастары") облыстарында бар.

"Атырау жастары" бағдарламасының негізгі шарттары төмендегідей:

  • бастапқы жарна кемінде 10%;
  • жылдық несие мөлшерлемесі 5%;
  • несие мерзімі 19 жылға дейін.

Бағдарламаның ашылатын мерзімі және қосымша талаптары алдағы уақытта жарияланады. 

Сондай-ақ, Ақпарат министрлігі бүгін республикада жастарға арналған бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетінін хабарлады


Оқи отырыңыз: 


 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары