Атырау полициясында бірқатар басшы қызметінен алынды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
ІІМ мәліметінше, бұл шешім қызметтік-әскери тәртіптің бұзылуы, бақылаудың әлсіздігі және жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан қабылданған.

Атырау облысы полициясында кадрлық өзгерістер болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Бүгін бірқатар ақпарат құралдарында өңірлік полиция департаментінде ірі ауыс-түйіс жүріп жатқаны туралы мәлімет тараған еді. Ресми дерекке сәйкес, қызметтік тәртіпті өрескел бұзып, жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмаған бірнеше лауазымды тұлға қызметінен шеттетілген.

"Министр бұйрығымен Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары қызметтерінен босатылды", – делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл шешім қызметтік-әскери тәртіптің бұзылуы, бақылаудың әлсіздігі және жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан қабылданған.

Ішкі істер министрлігі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз