Тікелей эфир

Атырау облысындағы су тасқыны: 7 шаруа қожалығы қауіпсіз жерге көшірілді

Ойыл өзенінің бойында 407 қожалық орналасқан.

Атырау облысындағы Ойыл өзенінің маңынан жеті шаруа қожалығы қауіпсіз жерге орналастырылды. Аталған аумақта 557 шаруа қожалығы бар, соның 407-сі Ойыл өзенінің бойында тұр.

Қызылқоға ауданы әкімдігі оларға Ойыл өзеніндегі судың көтерілетіні туралы алдын ала ескертілгенін мәлімдеді. Осының арқасында жеті шаруа қожалығының 14 адамы мен төрт түлігі қауіпсіз аумаққа шығарылған. 

"Жамбыл, Жангелдин, Ойыл, Тайсойған округтерінен көшірілген қожалықтарда 138 жылқы, 20 түйе, 2209 қой-ешкі, 448 мүйізді ірі қара болған", – деді әкімдіктегілер. 


Оқи отырыңыз: Көктемгі су басу: 440 үй су астында қалып, 5 мың адам құтқарылды


Еске салсақ, Батыс Қазақстанда төтенше жағдай облыс көлемінде жарияланғаны туралы хабарладық

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары