Тікелей эфир

Су тасқыны: Батыс Қазақстанда төтенше жағдай облыс көлемінде жарияланады

Бұған дейін Орал қаласы мен бірқатар аудандар төтенше жағдай режиміне көшкен болатын.

Батыс Қазақстан облысында тұтастай өңір бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің шешімінің жобасынан белгілі болды. 

"Батыс Қазақстан облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Ш.Айтмұхамбетов табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын", – делінген шешім жобасында. 

Қоғамдық талқыдан кейін шешім бүгіннен бастап күшіне енуі тиіс. 

Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында және бірқатар аудандарда жергілікті табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. 


Оқи отырыңыз: Көктемгі су басу: 440 үй су астында қалып, 5 мың адам құтқарылды


 

Серіктестер жаңалықтары