Атырау облысындағы қанды қылмыс: күдіктіге жаңа айып тағылды

Фото: Атырау полициясы
Фото: Атырау полициясы
Индонезияда ұсталған күдіктіге қатысты жаңа деректер жарияланды.

Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасын аяусыз өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты айыптар тізімі толықты. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда тергеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша жүргізіліп жатыр:

  • 99-баптың 2-бөлігі – "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";
  • 188-баптың 2-бөлігі – "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық".

Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

Аталған қылмыс 2025 жылғы желтоқсан айының соңында белгілі болды. Сол кезде туыстары зейнеткер ерлі-зайыптылар мен олардың ересек балаларының жоғалып кеткенін хабарлаған. 6 қаңтарда олардың мәйіттері өз үйлерінің аумағындағы шаруашылық құрылыстың астынан табылды.

8 қаңтарда полиция негізгі күдікті ретінде отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевті жариялады. Оның отбасының кіші қызы Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге елден кеткені анықталған. Кейін ер адамға халықаралық іздеу жарияланды.

24 ақпанда күдіктілер Индонезияның Сенару ауылында ұсталды. 9 наурызда олар Алматы қаласына экстрадицияланды. Тергеу барысында Сәрсемалиев қылмысын мойындап, тағы екі адамның – Наурыз Мұқанғалиев пен Мирамгүл Қарабалинаның мәйіттері көмілген орынды көрсеткен. Олардың денелері Атырау қаласы маңындағы Геолог ықшамауданынан табылды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз