USD: 483.5 / 486.5
  • EUR: 562.5 / 567.5
  • RUB: 6.35 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Атырау облысындағы отбасы өлімі: Сәрсемәлиевтің ломбардтағы видеосы тарады

Видео скрині
Видео скрині
Сәрсемәлиев ісі бойынша сот жалғасып жатыр.

Атырау облысында бірнеше адамның өліміне байланысты қаралып жатқан резонансты қылмыстық іс бойынша сот отырысында жаңа бейнематериал көрсетілді. Онда басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің ломбардқа алтын өткізген сәті таспаға түскені айтылды. Бейнежазбаны журналист Жұлдыз Қайратқызы әлеуметтік желіде жариялаған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Сәрсемәлиев өз әйелінің ата-анасы мен туыстарына қатысты ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Іс материалдарында қайғылы оқиға отбасы ішіндегі жанжалдан басталғаны көрсетілген.

Сот барысында айыпталушы кейбір эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындағанымен, бірқатар айыптармен келіспейтінін мәлімдеген. Атап айтқанда, ол Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі қасақана емес, абайсызда болғанын айтқан.

Тергеу органдарының мәліметінше, жүргізілген психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы күдіктінің қылмыс жасалған сәтте өз әрекетіне толық жауап бере алатын жағдайда болғанын көрсеткен. Сондай-ақ тергеу барысында бұл іске басқа тұлғалардың қатысы анықталмағаны хабарланды. Қазір сот отырыстары жалғасып, іс материалдары мен дәлелдемелер кезең-кезеңімен зерттеліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз