Атырау облысының Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп, облыс мектептерінің бірінің тоғызыншы сынып оқушысын анықтады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
"Жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған. Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған", – деп жазылан хабарламада.
Қазіргі уақытта оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: Астана мектептеріне жаппай ату туралы ақпарат тарады. Полицейлер сабыр сақтауды сұрайды
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07