Тікелей эфир

Атырау облысында балық қырылып жатыр

Бұл жағдай барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды.

2 қаңтарда Атырау облысы Жылыой ауданындағы "Соленое" каналында балық қырылған. Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы хабарлады

2024 жылғы 2 қаңтарда Атырау облысының Жылыой ауданындағы Соленое каналында балық қырылуы туралы ақпарат келіп түсті.

"Бұл жағдай барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін 2024 жылғы 2 қаңтарда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы, жергілікті атқарушы орган, экология департаменті қызметкерлерінен тұратын комиссия балық қырылуы болжамды орнынға шықты", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Аралда балық неден қырылды?


Ақпарат түскен сайын жаңартылады.

 

Серіктестер жаңалықтары