Атырау облысында төрт адамның жоғалу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов мәлімдеді.
Полицияның хабарлауынша, 25 желтоқсан күні төрт адамның жоғалғаны жөнінде ақпарат түскен. Сол сәттен бастап олардың жүрген жерін анықтау мақсатында кешенді іздестіру шаралары қолға алынған.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, екі немесе одан да көп адамның жоғалуы адам өлтіру бабы бойынша сараланады. Қазіргі уақытта жоғалған отбасының орналасқан жерін анықтау үшін барлық қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Құттыбай Садықов.
Тергеу барысында мемлекеттік және жекеменшік барлық медициналық мекемелер тексеріліп жатыр. Сонымен қатар жоғалған азаматтардың ұялы телефон сигналдары Қазақстан аумағында бірнеше рет тіркеліп, қосылып-сөндірілгені анықталған. Соңғы рет сигнал Шымкент қаласында тіркелген.
Іздестіру жұмыстарын үйлестіру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оған Ішкі істер министрлігінің мамандары да тартылды.
Бұдан бөлек, аталған отбасының кіші қызы мен күйеу баласының шет мемлекетте жүргені белгілі болды. Алайда туыстары олардың жоғалуына байланысты арыз түсірмеген. Соған қарамастан, құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша да тексеру жұмыстарын бастады.
USD:
511.5 / 514.9
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.23 / 6.43