Тікелей эфир

Атбасар ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды

Бүгін Атбасар қаласында сағат 4.58-де су деңгейі Жабай өзенінің жер үйіндісінен асты.

Барлық хабарлау жүйелері дереу іске қосылды. Халықты эвакуациялау, сондай-ақ объектілер мен тұрғын үйлерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Бұл туралы Ақмола облысының әкімдігі хабарлады.

Қазіргі уақытта мотопомпалардың көмегімен еріген қар суын айдау жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік азаматтық қорғаудың жүйесінің 400-ден аса адамы мен 100 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Жер үйіндісінің 6 учаскесінде су тасқыны орын алып, қаланы су басты. Су деңгейі 5.95 метрге дейін тез көтеріліп, қатерлі жағдайға жетті. Қазіргі уақытта ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды.

«Барлық тұрғындардан сабырлық сақтауды сұраймын. Қалада эвакуациялау пункттері ұйымдастырылған (ОМ: 2,3,5,6,7, «Олимп» ДСК, БММ), онда түнеу және тамақтану ұйымдастырылады. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың шығындары өтеледі, ол үшін комиссия құрылып, зардап шеккен үйлер дереу тексеріледі. Осыған байланысты су тасқыны қаупі бар аймақтың барлық тұрғындары үйлерінен арнайы пунктарға баруы керек», – деді аудан әкімі Аманбек Қалжанов.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда табиғи апаттан қырылған мал саны 8100-ден асты


Аудан әкімдігінде су тасқынына қарсы штаб ұйымдастырылған. Байланыс телефондары 24227,  ұялы телефон – 87055984525.

Серіктестер жаңалықтары