USD: 467.9 / 470.7
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 6.17 / 6.29
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Атаулы әлеуметтік көмек: 1-6 жастағы балаларға қосымша ақша төленеді

Төлем сомасы отбасындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшеріне тең.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы қағидаларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын қоғам талқысына ұсынды.

Жобада отбасына төленетін атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінде өзгеріс бар. Оған сәйкес, АӘК алатын отбасында 1-6 жас аралығындағы балалар болса, олардың әрбіріне 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем төленеді.

Отбасына атаулы әлеуметтік көмек төлеу мерзімі аяқталған жағдайда қосымша төлем де тоқтатылады.

Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептеуде өзгеріс жоқ. АӘК отбасының орташа табысы мен сол өңірдегі кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептеледі.


Оқи отырыңыз: 


Қажет болған жағдайда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) "табыс бермейді" деп айқындауы мүмкін.

Құжат жобасын 25 қарашаға дейін талқылауға болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз