Карта иесінің 16 жасқа дейінгі балалары да оның беретін құқығын толықтай пайдалана алады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ашық НҚА порталында "Ата жолы" картасын беру қағидаларының жобасын жариялады. Онда аталған картаны алу тәртібі айқындалған.
Жобаға сәйкес, "Ата жолы" картасы келесі екі шартпен беріледі:
- қазақ ұлтына жататынын растайтын құжаттың болуы;
- Қазақстан Республикасы азаматтығының болмауы.
Бұл шарттарға сай келетін этникалық қазақтар, сондай-ақ келесі талаптардың да үдесінен шығуы тиіс:
- ҚР президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы жарлығына сәйкес ҚР азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін мамандыққа ие болу;
- ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы бұйрығына сәйкес сұранысқа ие кәсіптерге ие болу;
- Тұрақты тұратын және азаматтығы бар елде тіркелген жұмыс істеп тұрған бизнестің болуы.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы Қазақстанда "Ата жолы" картасын 5 мың адам иеленеді
"Ата жолы" картасын алу үшін өтінішті "Құтты мекен" АЖ жанындағы мобильдік қосымша арқылы не ҚР-ның шет елдердегі мекемесі арқылы беруге болады. Жобада "Ата жолы" картасы 10 жыл мерзімге берілетіні айқындалған. Бірақ, оның жарамдылық мерзімі ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайды.
Сондай-ақ, "Ата жолы" картасы иесінің 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалары да карта иесінің құқықтарын пайдалана алады.
Еске салайық, 2023 жылы Қазақстанда "Ата жолы" картасын 5 мың адам иеленеді. Ал 2027 жыл соңына дейін олардың санын 40 мыңға жеткізу көзделген.
Қағидалар жобасын жария талқылау мерзімі – 6 маусымға дейін.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎾 Бейбіт Жұқаев - Little Rock Challenger турнирінің ширек финалына шықты
-
246
-
0
-
2
-
-
2↕️ Telegram-бот 100 беттік лирикалық жинақты дыбыстады - Мақпал Жұмабай
-
254
-
0
-
3
-
-
3🤖 Қызылордада Қорқыт ата университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады
-
234
-
0
-
3
-
-
4✍️ Әр жеңімпаз 4 млн теңге сыйақы алады: Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
-
245
-
0
-
4
-
-
5🕯🔥 "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр
-
260
-
0
-
5
-
-
6💡 Маңғыстау облысында кәсіпкер бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшеге жанбайтын жарық шамдар орнатқан
-
245
-
0
-
7
-
-
7🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
248
-
0
-
4
-
-
8😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
245
-
1
-
7
-
-
9💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
219
-
0
-
2
-
-
10💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
220
-
1
-
5
-