Қазақстанда жыл басынан бері Қорғаншылық және қамқорлық органдары 17 660 жетім бала тәрбиеленіп жатқан 13 мыңнан астам патронат отбасыларға тексеру жүргізген. Нәтижесінде асырап алған баласына зорлық-зомбылық көрсетіп, олардың құқықтарын бұзған 4 тәрбиеші ата-ана қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды.
Сондай-ақ, 2024 жылдың бірінші кварталында бала құқықтарын бұзған 15 лауазымды тұлғаға айыппұл салынып, олардың біреуі жұмыстан босатылған.
Серік Жұманғариннің жауабына сәйкес, Қазақстанда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 21 387 бала бар. Олардың басым бөлігі, атап айтқанда 17 660 Қазақстан азаматтарының отбасында тәрбие алып жатса, 3727 бала жетім балаларға арналған 115 мекемені мекендейді. Тек 2023 жылыдң өзінде ғана 3311 жетім бала анықталып, олар жетімдер үйі мен патронаттық тәрбие берушілерге бөлінген.
Оқи отырыңыз: Жанар Байсемізова: Қазақстанда бала асырап алу мәдениеті болса, шетелдіктер бізге келмес еді