Тікелей эфир

Жанар Байсемізова: Қазақстанда бала асырап алу мәдениеті болса, шетелдіктер бізге келмес еді

Журналист шетелдіктердің бала асырап алуына тыйым салу бала құқығын шектеу екенін еске салды.

"Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасының авторы Жанар Байсемізова ҚазАқпарат агенттігіне берген сұхбатында Қазақстандағы балаларды шетелдіктердің асырап алу мәселесі туралы айтты. Оның сөзінше, шетелдіктер Қазақстаннан асырап алып жатқан балалар арасында қазақ балалары көп. Бірақ, "Қазақтың қаны таза екенін біліп, шетелдіктер бізден бала асырап алып жатыр" деген пікір – иллюзия.

"Балалар үйінде қазақ балалары көп болғаннан кейін шетелге кеткендердің ішінде де қазақ балалардың көп болуы заңдылық қой. Біздің қанымыз таза болғандықтан емес, жетім балалар көп болғаннан кейін бізден асырап алып жатыр", – дейді журналист.


Оқи отырыңыз: Сенатор: 70 мыңға жуық жетім бала заңды баспанасын ала алмай отыр


Оның айтуынша, дамыған елдерде баланы шетелдің асыруына жібермек түгіл, балалар үйі жоқ. Егер Қазақстанда бала асырап алу мәдениетін қалыптасып, балалар үйін босап қалған болса, халықаралық агенттіктер қазақ елінекелмес еді.

"Халықаралық қауымдастыққа сіздерге беретін бала жоқ деп айта алар едік. Ал біз кезінде Гаага конвенциясын ратификациялап, тиісті міндеттеме алып қойғандықтан, қазір заңмен тыйым салып, мәселені бүркемелей алмаймыз. Одан Қазақстандағы жетім балалар проблемасы жойылып кетпейді, керісінше жетімдер үйінің саны арта түседі. Кез келген бала отбасында тәрибеленуге құқылы. Олардың бұл құқығын шектегеніміз адамдыққа жатпайды", – деді Жанар Байсемізова.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары