Тікелей эфир

Асхат Аймағамбетов: Қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің балалары университетте тегін білім алады

Бұл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаппай тәртіпсіздік кезінде Отан алдындағы борышын өтеу жолында қаза тапқан азаматтардың балаларына білім гранттары ұсынылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтты.

"Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің балалары университетте оқуы үшін білім грантын беру ұсынылады. Бұл да мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылады және министрлік президент жүктеген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындайды", – деді Асхат Аймағамбетов.


Оқи отырыңыз:


Министрдің сөзінше, халық тығыз орналасқан өңірлер мен білім беру саласында үлкен алшақтығы бар өңірлердің түлектері үшін техникалық бағыттарға нысаналы грант бөлінеді. Бұл жоғары білімге қолжетімділікті арттыру мақсатында жасалады.

"Гранттар Қазақстанның жетекші ЖОО-ларында оқу үшін бөлінеді. Түлектер оқу бітірген соң негізгі тұратын жерінде жұмыс істеуі керек. Президенттің техникалық мамандықтарға басымдық беру тапсырмасына сай бұл саладағы грант саны 60 пайызға дейін көбейеді", – деді министр.

 

Серіктестер жаңалықтары