Тікелей эфир

Астананың жаңа ауданына қандай атаулар қаралып жатыр

Қала әкімдігінде өткен талқылауда көпшілік Тұран атауына тоқтаған.

Астана қаласының әкімдігінде қала әкімнің орынбасары Есет Байкеннің жетекшілігімен қалада жаңадан құрылатын ауданның атауына қатысты талқылау болды. Ұсынылған атаулар ішінде көпшілік Тұран атауын қолдаған. Бұл туралы талқылауға қатысқан ғалым Тұрсынхан Зәкен әлеуметтік желіде жазды. 

"Астана қаласының әкімдігінде әкімнің орынбасары Есет Байкеннің басқаруымен жақында Елордамызда құрылатын жаңа ауданның атауын талқыладық. Аса қызу, тартысты талқылаудан соң көпшіліктің пікірі Тұран атауына тоқтады", – деп жазды ол.


Оқи отырыңыз: Астана билігі бейхабар: Құрылысшылар құрметіне салынған ескерткіш қараусыз қалған


Жаңа ауданға Тұраннан бөлек, Өтүкен, Орхон, Алтай және өзге де атаулар ұсынылған. 

"Астана қаласының орталық саябағында Орхон ескерткіштерінің ауқымды аллеясын құру және "Өтүкен алауын" жағу туралы қойған ұсынысымды әкімнің орынбасары мен жиналғандар жылы қабылдады", – деп жазды ғалым. 

Еске салайық, Астанада жаңа, алтыншы аудан индустриялық аймақта орналасады. Ал бесінші Нұра ауданы 2022 жылы Талдыкөл көлдерінің аумағында құрылған болатын. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары