Тікелей эфир

Астаналық ардагер спортшы алты рет әлем чемпионы атанды

Жумагалей Зулгарин гір спортынан алты дүркін әлем чемпионы, Қазақстан, Азия чемпионаттарының жүлдегері мен жеңімпазы.

Астана қаласының гір спорты құрама командасының ардагер спортшысы Зулгарин Жумагалей қазіргі таңда республикалық, халықаралық жарыстарда 65-69 жастағы спортшылар арасында, 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ардагер спортшының жеке бапкері – Астана қаласының гір спортынан аға жаттықтырушысы Серік Абдахин.

Айта кетерлігі, Жумагалей Зулгарин гір спортынан алты дүркін әлем чемпионы, Қазақстан, Азия чемпионаттарының жүлдегері мен жеңімпазы.

Еліміздің гір спортынан қосқан үлесі мен, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері жетерлік. Ол жуырда 7-12 қыркүйегінде Өзбекстан мемлекетінің Хиуа қаласында өткен әлем чемпионатында үздік болып, чемпион атанды.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда спортшы-жауынгерлерді марапаттауға арналған жаңа төсбелгі енгізіледі.


 

Серіктестер жаңалықтары