USD: 482.7 / 485.3
  • EUR: 550.5 / 555.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Астанадан Талдықорғанға тікелей қатынайтын теміржол бағыты іске қосылды

Фото: ҚТЖ
Фото: ҚТЖ
Жолаушылар сұранысына сай жаңа пойыз қатынайды.

"Қазақстан темір жолы" Астана мен Талдықорған арасында жаңартылған RWS вагондары бар жаңа пойыз бағытын іске қосты, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Тасымалдаушының мәліметінше, бұл бағыт жолаушылардың көптен бергі сұранысына жауап ретінде енгізіліп отыр. Жаңа пойыз құрамында екі купе және екі плацкарт вагоны болады, олар күнара қатынайды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарлауынша, "45" сериялы вагондар заманауи қауіпсіздік, энергия тиімділігі және жайлылық талаптарына толық сай келеді.

"Вагондардың іші тозуға төзімді материалдардан жасалған. Олар климаттық бақылау және ауаны зарарсыздандыру жүйелерімен, ыңғайлы жатын орындарымен, USB порттарымен және 220 вольтты розеткалармен, Wi-Fi, LED жарықтандыру және заманауи жылу оқшаулау жүйесімен жабдықталған. Сонымен қатар, пойыздар бейнебақылау, өрт сөндіру жүйелері және орталық кондиционермен қамтамасыз етілген. Жолаушылар үшін аудио ақпараттандыру, электрондық табло және шығу жолдарын жарықтандыру жүйелері де қарастырылған", – делінген хабарламада.

Компания өкілдерінің айтуынша, жылжымалы құрамды жаңарту мен маршруттық желіні кеңейту – көлік саласындағы стратегиялық бағыттардың бірі болып қала береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз