Тікелей эфир

Астанадан Қызылордаға күнделікті рейс іске қосылады

Фото: Рixabay.com
Фото: Рixabay.com
Сонымен қатар көлік қызметтері қолжетімді болады.

Астанадан Қызылордаға күнделікті рейс іске қосылады, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

13 қаңтардан бастап Астанадан Қызылордаға күнделікті тұрақты түрде жолаушылар ұшағы ұшатын болды. Бұл бағыттағы рейстерді Qazaq Air әуекомпаниясы жүзеге асырады.

  • IQ 425 Астана (17:50) – Қызылорда (19:40)
  • IQ 426 Қызылорда (20:10) – Ақтөбе (22:10) бағытында ұшады.

Ведомствоның мәліметінше, күнделікті тұрақты рейстер Қызылорда облысының сауда-экономикалық, туристік әлеуетін дамытады, сонымен қатар көлік қызметтері қолжетімді болады.

Серіктестер жаңалықтары